27 шілдеде Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес ұйымының жергілікті бөлімшесі басшыларының бірін ұстады. Оны ұстауға облыстық прокуратура мен Ұлттық ұлан қатысты.
"Ол Қазақстанның аса маңызды ақпараттық инфрақұрылымына жататын деректер базасындағы жер учаскелеріне қатысты мәліметтерді өз бетінше заңсыз өзгертті деген күдікке ілінді.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 206-бабы 3-бөлігімен ("Ақпаратты құқыққа сыйымсыз жою немесе түрлендіру) қарастырылған қылмыстық заңбұзушылық белгілері бойынша тергеп-тексеру жүргізілуде", – деп хабарлады ҰҚК баспасөз қызметі.
Көкшетау қаласының соты күдіктіге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.
Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды.