YouTube жаңа мүмкіндікті сынай бастады. Оның көмегімен жасанды интеллект (ЖИ) видеолардың мазмұнын қысқаша сипаттайды. Мұндай өзгерістер туралы TheVerge басылымның материалына сілтеме жасап, Aikyn.kz хабарлайды.
Фото smartdatacollective.com сайтынан алынды. Авторы: metamorworks
YouTube ЖИ жасаған шолу пайдаланушыларға қажетті мазмұндағы видеоларды жылдам табуға мүмкіндік беретінін түсіндірді. Компания жасанды интеллект мәтіні бейне авторларының сипаттамасын алмастырмайтынын атап өтті.
Фото lifehacker.com сайтынан алынды. Авторы: Khamosh Pathak
Әзірге барлық видеолардың аннотациясы дайын емес. Бұл функция ағылшын тіліндегі бейнелерде ғана сыналуда. Сол сипаттамаларды платформаның кейбір пайдаланушылары ғана көре алады. Компания жақын арада ЖИ танымдық видеолар мен жарнамалардың астында комментарийлер қалдырады деп уәде берді.
Google өкілі Джен Джейми: «Біз YouTube видеоларына шолу жасау үшін генеративті ЖИ қолданатын жаңа мүмкіндікті сынап жатырмыз. Көрермендеріміз бен авторларымызға пайдалы болу үшін біз жаңа мүмкіндіктерді ресми түрде іске қоспас бұрын жиі сынақтан өткіземіз», – деп мәлімдеген. Джеймидің айтуынша, YouTube көрермендері мобильді құрылғыларда ағылшын тіліндегі видеоларды көру кезінде автоматты түрде жасалған қысқаша мазмұнды оқи алады.