Жедел-іздестіру шарасын облыстық Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің жедел басқарма қызметкерлерімен бірлесіп жүргізген.
Оқиға орнынан жедел-тергеу тобы қызметкерлері «Байкал» маркалы тегіс ұңғылы мылтық, «Соваж» маркалы қос ұңғылы карабин, 12 калибрлі қос ұңғылы шолақ мылтық, ИЖ-21 тегіс ұңғылы мылтық, Макаров тапаншасы, әртүрлі калибрлі 188 бірлік оқ-дәрілер және ішінде 1 440 патроны бар мөрленген мырыш қорап тәркіледі.
Аталған дерек бойынша, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 287-бабы 3-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Аталған баптың санкциясына сәйкес бес жылға дейін бас бостандығын шектеу не болмаса сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.
Б.ИКРАМОВА