Әлсіздеу болып туған Дастан 1 жас 5 айлығында бронхит, жарты жылдан соң пневмония болып ауруханаға түскен. Осы жолы жаппай балаларды тексеру кезінде Дастанның қанынан да әлдебір күмәнді нәрсе табылған.
[caption id="attachment_25408" align="alignright" width="368"]
«Кейін тренингтерге қатысып, шетелдерге шығып, осы індет туралы зерттей келе «қайдан жұқты, қалай болды» дегенді ойлаймын ғой. Ота жасамады, кототер қоймады. Ине салу мен системадан жұғу мүмкіндігі төмен. Ендеше неден болуы мүмкін? Әлде, перзентханада БЦЖ екпесін салғанда жұқты ма екен деген ой келеді. Себебі вакцина адамның тірі плазмасынан жасалады. Осы зат тексерілмеген адамнан алынды ма? Ошақ сол жерден шықты ма екен? Бірақ ол кезде медицина құлдырап тұрған. Барлығын да үнемдейтін. Бір системаны 2 балаға инесін ауыстырып сала беретін. Тіпті, кейін екеуара әңгімеде бір медбике шприцтерді өздеріне алып қалу үшін онсыз да жетпей жатқан инені үнемдеп пайдаланатынын айтты. Иә, қалай болғанда да бұл Алланың бізге берген сынағы болар деп қабылдадық», – дейді Индира Отжанова.Бөбегінің дерті жанын қоярға жер тапқызбай жүргенде 1,5 айдан соң өзінің де баласы арқылы жұқтырып алғанын естіген ол, сабырлығының арқасында болса керек, жұрт секілді байбалам салмай-ақ қабылдаған. Ата-енесіне, жұбайына болған жайтты баяндағанда, олардың көзқарасы өзгере бастапты. Ашық айтпаса да әрбір әрекеттері, туыстарының үйге келмей қалуы, жолдасының үйінен қашқақтай беруі Индираға қатты соққы болады. Дегенмен ананың бар ойы баланың денсаулығы, оны аман алып қалу еді. Себебі оның дерті қатты асқынып тұрған. Бір тамшы қанда 2 миллионнан астам вирустық жүктеме болған. Шымкенттегі «Ана мен бала» орталығында 20 күн жатып ем алады. Бәрібір сәбиге әлі де ұзақ және тиянақты ем қабылдау қажет. Бір күні өзі де науқастанып қалып, Кентау қаласындағы ауруханаға барғанда мұндағылар қабылдамайды. «Шымкенттегі өзіңнің ауруханаңа бар» деген ауыр сөзді естігенде онсыз да отбасынан жылулық таппай жүрген ана «біздің орнымыз бұл жақта емес екен» деген шешімге келеді. Оның үстіне, қала әкімдігінде, мектепте, одан соң телевидениеде жұмыс істеп, іс-шараларда жүргізуші болғаны, яғни қалаға аз да болса танымалдығы тағы бар. «Иә, алғашында ары кетсе 5 жылдан соң өліп қалады деген дұрыс емес ақпарат көп болды. Ауруханада жатқанда адамдармен сөйлесу және қор қызметкерлерін тыңдау арқылы өмірмен күресуді үйрендім. Үйде жылап жата бергеннен гөрі, өзім сияқты осындай дертке душар болғандармен жұмыс істеу, солардың ортасында болу мен үшін қолайлы еді», – дейді ол. Осылайша, сол кездегі облыс орталығына көшуге бел буады. [caption id="attachment_25414" align="alignleft" width="464"]
Әрине, күйзеліс, ішімдік дегеннен аулақ болған жөн. Салауатты өмір салтын ұстанып жүрсе, еш қиындығы жоқ. Психологияны көп оқып, жалпы өмірдегі тәжірибемде байқағаным, адам өзінің осындай дертке шалдыққанын білгенде қатты күйзеліске түсіп кетеді де өзін тастап жібереді. Сәл уақытта өлемін ғой деген ой пайда болып, өзін тастағандар шынында да өмірімен тез қош айтысады екен. Жалпы, бұл дерттің өзі де – психосоматика. Яғни, өз-өзіңді моральдық және психологиялық тұрғыда қолдап, дәріні уақытылы ішіп жүрсең болғаны», – дейді Индира.
Дастанның інісі өмірге келеді
Бүгінде 8-сыныпта оқитын Дастан өзінің дерті туралы 5 жасынан бастап біле бастаған. «Неге мен дәрі іше беремін? Қашан тоқтатамын?» деп анасынан сұрай бастаған соң, жайлап қанында бір вирус бар екенін айтып түсіндірген. «Витаминка» мультфильмін бірге көре отырып, түсіндіріпті. 10 жастан асқанда АИТВ жұқтырғанын, анасына да осы дерт жабысқанын білген.«Бұл сенің өміріңе кедергі жасайтын нәрсе емес, тек өмір салты деп айттым. Жалпы, өзім педагог болған соң шай үстінде мұндай індеттің қалай, неден жұғатынын жаймен айтып отырамын. Досым ретінде ашық сөйлесеміз. Сырттан толық емес ақпаратты естіп, әр жерден мәлімет іздеп жүргенше өзімнен естігені дұрыс. Мінезі тұйықтау. Бұл тақырыпты онша қозғағысы келмейді. 2 мәрте бағдарламаға шықты да кейін қарсылық білдірді. Әркімнің сұрақ қоя беретіні жақпаса керек», – дейді анасы.Әрине, қанша жерден өмір салты деп қарағанымызбен, баланың кейбір қызығушылығын шектейді. Каратэге қатысып көріпті, жаттығудан терлеп шыға беретін болған соң, жиі ауырып қала берген. Сондықтан бұл қызығушылықтан бас тартып, сурет салу үйірмесіне қатысқан. Ақпараттық технологияға бейімділігі бар. «Дастан папасынан ешқашан қол үзген емес. Кішкентай кезінде де келіп, ойнатып кететін. Қазір жазғы демалыста үнемі ауылда болады. Ата-енеммен де байланысып тұрамын. Ол кісілерді де түсінуге болады. Кезінде барлық жерде де дұрыс емес ақпараттар болды ғой», – дейді Индира. [caption id="attachment_25405" align="alignnone" width="1024"]