«Соңғы кезде көп видео байқап кеттім. Instagram-ды ашып қалсаң, біздің қазақтың қыздары хиджаб киіп алған, неше түрлі әндерге секіріп билейді. Біреудің дауысын қойып қояды да, соған аузын жыбырлатады. Бетін былай жақындатып түсіндіреді. Сіздердің әдеміліктеріңіз күйеулеріңізге. Әдеміліктеріңізді күйеулеріңізге сақтаңыздар. Сіздерге қанша көз қарайды, қанша еркектердің шахуаты оянады, қанша көз зинасына ұшырап жатсыңдар", - дейді әнші.
Ол хиджабтың құлшылық, әуретті жабатын жаулық екенін алға тартады. Жүгінісовтің пайымынша, құлшылықты ойынға айналдырып, неше түрлі TikTok түсіріп, билеп секіруге болмайды.
"Хиджабтағы әпке-қарындастарға насихат! Ұнаса да, ұнамаса да ащы шындықты қабыл алыңыздар! Солай өзін танытып жүрген блогер ухтиларға жіберіңіздер, мүмкін пайдам тиіп қалар. Кейде адамдардың разылығын іздейміз деп, Алланың разылығынан айырылып қалуымыз мүмкін. Сондықтан да адамдарға жағамыз деп, Аллаһ Тағаланы ашуландырып алмайық!!! Көбіне жек көрінішті болсам да, шындықты айтуды жөн көрдім!» — дейді ол.