Атырауда Ресейдегі лагерьге бара жатып көз жұмған баланың өліміне байланысты іс қозғалды

Қазіргі уақытта баланың қайтыс болуына байланысты Атырау облыстық әкімдігі тарапынан комиссия құрылып, жұмыс істеп жатыр. Сондай-ақ, құзырлы органдар қылмыстық іс ашты.

Атырау облыстық білім беру басқармасы құзырлы органдармен бірлесіп, қайғылы оқиғаның барлық мән-жайын тексеру үшін комиссия құрды. Пойызда жолаушылар өзімен бірге алып шыққан ас-ауқатты тұтынған. Қазіргі уақытта баланың денесі сот-медициналық сараптамаға жіберіліп, қылмыстық іс қозғалды.

– Білім беру басқармасы тарапынан қайтыс болған баланың отбасына барлық көмек көрсетіледі, – деп түсінік берді Атырау Білім беру басқармасының ресми өкілі Эльмира Тұңғатарова.

Еске сала кетсек, қайғылы оқиға "Атырау-Астрахан" пойызында орын алған.

Белгілі болғандай, 77 адамнан тұратын топ, яғни, 4 тәлімгер, 73 бала «Атырау-Астрахан» теміржол бағыты бойынша Ресейдің Железноводск қаласындағы «Қазақстан геологы» санаторийіне демалысқа жіберілген.

Жолға шыққаннан 1,5 сағаттан кейін балалардың біреуі өзін нашар сезініп, жедел жәрдем шақырылған.

 «Нарын» станциясына келген жедел жәрдем баланың қайтыс болғанын анықтады.

Баян Жанұзақова

фото:petropavlovsk.news