Павлодарда ер адам жер үйге баса-көктеп кіріп, анасының көзінше кәмелетке толмаған қызға зорлық-зомбылық көрсеткен. Кейін үйден 250 мың теңге алып кеткен, – деп хабарлайды polisia.kz.
«Полицияға қала тұрғыны келіп, қарақшылық шабуыл туралы хабарлады. Дереу оқиға орнына жедел-тергеу тобы жіберілді.
Анықталғандай, белгісіз ер адам Бұқар Жырау көшесіндегі үйге заңсыз кіріп, кәмелетке толмаған 15 жастағы қызына зорлық-зомбылық көрсете отырып, тапаншаға ұқсас затпен қорқытқан. Солай 250 000 теңге қаражатын иемденген.
Арнайы іс-шаралар басталып, оның барысында полицейлердің кәсібилігі мен жеделдігінің арқасында облыс орталығының 48 жастағы тұрғыны ұсталды.
ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр», – делінген хабарламада.
Мәлім етілгендей, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жалғасуда.