Балабақшаға кезекке тұрудың бірыңғай базасы құрылады

Тегін тамақтандыру мәселесі пысықталып жатыр.

Мектепке дейінгі білім беру департаментінің директоры Наталья Жұмаділдаева Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтып өткендей, 2023 жылдан бастап мектепке дейінгі білім беруде кезектілікті есепке алудың бірыңғай базасы енгізіледі, – деп хабарлады Azattyq Ruhy.

 

Бұл қызметтердің ашықтығын, деректердің бірыңғай тізілімін және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуды қамтамасыз етеді. Отбасының өмірдегі жағдайларына  байланысты ата-аналардың мектепке дейінгі ұйымды таңдауының жаңа тәсілі пысықталуда.

«Балаларға тең бастапқы мүмкіндіктер берудегі тағы бір маңызды мәселе халықтың әлеуметтік осал топтарындағы балаларға тегін тамақ беру. Бүгінгі күні   ҚР  Оқу-ағарту министрлігі ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен және әкімдіктермен өмірдің қиын жағдайына тап болған отбасында тұратын балаларды анықтау бойынша бірігіп жұмыс жүргізуде, сонымен қатар мектепке дейінгі ұйымдарға баратын әлеуметтік осал отбасылардан шыққан балаларды тегін тамақтандыруды қаржыландыру тетіктерін пысықтауда», – деді Жұмаділдаева.