Алдын ала мәлімет бойынша, марқұм рұқсат етілмеген жерде суға түскен.
Қайғылы оқиға бүгін, яғни, 7 тамыз күні сағат 15:40 шамасында Атырау қаласының Талқайран ауылы тұсында болған.
Оқиға орнына барған Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары 1965 жылы туған ер азаматтың суға түсуге тыйым салынған жерде шомылу кезінде батып кеткенін анықтаған.
"Құтқарушылар су асты іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізіп, сағат 17:27 шамасында ер азаматтың денесін судан шығарып, полиция қызметкерлеріне тапсырды.
Іздестіру жұмыстарына Атырау облысы ТЖД 3 құтқарушы, 1 бірлік қайық жұмылдырылды", – делінген Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті таратқан мәліметте.
Жыл басынан бері Атырау облысында 11 адамға суға батып кетті, құрбан болғандардың ішінде 3 бала бар.
Сонымен қатар биыл құтқарушылар су айдындарынан 6 адамды құтқарып қалған.
Баян Жанұзақова