Жиында облыстық Жер ресурстарын басқару департаментінің басшысы Хақһарман Бағынов өңірдегі пайдаланылмай бос жатқан және заңсыз берілген жерлер бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндама жасады. Ол «Самал-2» шағын ауданындағы «Вилла» нысаны қайтарылғанын, қазір «Кендірлі» демалыс аймағында қонақ үйлер салынған Қос-АДА жерлеріне зерттеу, талдау жұмыстары жүргізілуде екенін айтты.
Игерілмей жатқан жерлер мемлекет меншігіне қайтарылып, ел игілігіне берілуі керек. Осы ұстаныммен жұмыс жасайтын комиссия мүшелері заңсыз жерлерді анықтау жұмыстарын жандандыра түсу керектігін ұсынды. Комиссия мүшесі, Жаңаөзен қаласынан сайланған облыстық мәслихат депутаты Шәріп Ақжігітов «Кендірлі» демалыс аумағындағы жерлерді тексеруге шақырды. Комиссия кезінде партия белсендісі Нұрлыбек Кұлжабаев Маңғыстау ауданындағы жерін мемлекет меншігіне өз еркімен беруге дайын екенін айтты. Сондай-ақ басқа да жерлерді анықтап, мемлекет меншігіне пайдалануға, әлеуметтік нысандар салуға қайтару керектігін жеткізді.