Бочча құрамасы жарысқа дайын

Қазақстандық бочча құрамасы 18-24 тамыз аралығында Польшада өтетін Poznan 2023 World Boccia Challenger халықаралық жарыстарына қатысуға дайындалуда.

3-18 тамыз аралығында Астанада Қазақстан құрамасының үздік дайындығын қам­тамасыз ету үшін паралимпиадалық жаттығу орталығы базасында оқу-жаттығу жиындары өтеді.  Парламент Сенатының Төрағасы – Қазақстан бочча федерациясының президенті Мәулен Әшімбаев дамудағы ерекшелігі бар жас спортшыларға қолдау білдіріп, Паралимпиада орталығындағы жаттығулардың біріне қатысты.   

Осы жиындар аясында Қа­зақстан бочча федерациясы Оңтүстік Кореядан халықара­лық сарапшы Чоль Хён Квонды шақырған болатын. 5-10 тамыз аралығында өтетін семинарға тірек-қимыл аппараты бұзыл­ған спортшылар мен ұлттық құра­маның жаттықтырушы­ларын қосқанда кемінде 30 адам қа­тысатын болады.

Семинардың мақсаты – жиын­ға қатысушылардың кә­сіби дағдылары мен шебер­лік­терін арттыру болып отыр. Қа­зақ­стан­дық боччашылар ха­лықаралық сарапшының дә­рісінен өздеріне халықаралық аренада бәсекеге қабілеттілігін арттыруға кө­мектесетін бағалы білім мен тәжірибе алатын бо­лады. Бұл Қазақстанда инклю­зив­ті спорт түрін дамытудағы маңызды қа­дам және мүгедек балалар мен спортшылардың толыққанды дамуына ықпал етеді.

Сонымен қатар 22-28 қазан ара­лығында қазақстандық боч­ча­шылар қатысатын Азиялық пара ойындары өтеді. 5 спорт­шы Халықаралық бочча фе­де­рациясы мен Азия паралим­пиада комитеті мақұлдаған екі­жақты шақыру алды. Қа­зақстан Мә­дениет және спорт министрлігі­нің, Қазақстан боч­ча федерация­сының бас де­меушісі – Туризм мен спортты қолдау қорының қол­дауының арқасында Қазақ­стан бочча­шылары осы ойын­дарға қаты­сатын болды.

Н.САРША