Шағын көліктерге де айыппұл бар

Шағын электр көлігіне ги­роскутерлер, сигвейлер, мо­нокөліктер, электр скейт­­бордтар және басқа түр­лері жатады.

Президент 29 маусым күні «Жол қозғалысын ұйымдастыру мәселелері бойынша кейбір заң­намалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу ту­ралы» заңға қол қойды. Заң ресми түрде жарияланды және 30 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі. Осы заң арқылы «Жол қозғалысы туралы» заңға тү­зетулер енгізіліп, көлік құрал­да­рының жаңа түр­лерінің: «Электр скутері» мен «Шағын электр көлік құралда­рының» мәртебе­сін анықтады. 

Шағын электр көлігіне ги­роскутерлер, сигвейлер, моно­көліктер, электр скейтбордтар және басқа түрлері жатады.

Ал электрлік скутер – екі не­месе үш дөңгелегі бар, электр қоз­ғалтқышын пайдалану ар­қылы бір адамның қозғалуына арналған, орындығы жоқ, максималды конс­­труктивтік жыл­дамдығы са­ға­тына 25 шақы­рымнан ас­пайтын электрлі көлік құралы.

Қолданыстағы заңнамада осы заңбұзушылықтар үшін жауап­кершілік қарастырылған. Осы­лайша, құқықбұзушылықтар анық­талса, олар ӘҚБтК 593-бабы (5 АЕК айыппұл) немесе ӘҚБтК 620-бабы (ескерту немесе 3 АЕК айыппұл) бойынша жауапқа тар­тылады.

Н.САРША