Қолынан келіп, қонышынан басқан...

Шымкент қаласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жер учаске­лерін жекеменшікке заңсыз беру фактілерін анықтады.

Бұл туралы  Сыбайлас жем­қорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қала­сы бойынша департамен­тінің басшысы Дәурен Ерғарин хабарлады.    

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет құрылыс сала­сындағы жемқорлық тәуекел­деріне сыртқы талдауды жалғас­тырып жатыр. Шымкент қала­сында тығыз құрылыс салуға жол бермеу мақсатында жекемен­шікке заңсыз берілген жер учас­келерін мемлекет пайдасына қайтару бойынша мақсатты іс-шаралар ұйымдастырылды. Қазір сот шешімімен аукционсыз кәсіпкерлерге берілген жердің жалпы ауданы 77 гектар, құны 3 млрд теңгеге жуық 46 жер учас­кесі мемлекеттің балансына қай­тарылды», – деді Дәурен Ерғарин. Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Н.САРША