Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасарына қатысты тергеу аяқталғанын мәлімдеді.
«Ол «Аqjaiyq» ӘКК» АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасарына оның сенім білдірілген адамдарымен жұмысты нақты орындамай-ақ өтеулі қызметтер көрсетудің жалған шарттарын жасасу туралы заңсыз нұсқау беру арқылы лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдаланды деп күдіктенеді.
Заңсыз әрекеттердің нәтижесінде мемлекетке айтарлықтай зиян келтірілді», – деп мәлімдеді Антикордан.
Күдіктіні процессуалдық ұстау кінәні толық мойындауға байланысты қолданылмады.
Қылмыстық іс жеделдетілген тәртіппен аяқталып, сотқа жолданды.
Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.