Қайғылы оқиға 8 тамыз күні Көксу ауданында тіркелді. Алматы-Өскемен тасжолының 235 шақырымында 39 жастағы ер адам басқарып келе жатқан Mercedes Benz көлігі аударылды.
Оқиға орнында жүргізушінің 35 жастағы әйелі қайтыс болды. Сондай-ақ екі жасар бала әртүрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.
Сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.