Үндістанда коронавирустың жаңа түрі анықталды

Соңғы 24 сағат ішінде елде коронавирус жұқтырғандардың саны 54-ке жеткен.

Үндістанда коронавирустың жаңа штамы анықталды. Eris деп аталатын (EG.5.1) жаңа штамм Ұлыбритания тұрғындары арасында алаңдаушылық туғызуда.

Коронавирустың геномдық вариацияларын бақылау үшін құрылған Үндістанның SARS-CoV-2 геномика консорциумы жаңа штамм жұқтырғандар барын растады. Алайда алаңдайтын ештеңе жоқ екенін айтты.

«ХВВ коронавирусының нұсқасы Үндістанда басым штамм болып қала береді. Қазіргі уақытта ол осығанға дейінгі барлық жағдайлардың 90-92% құрайды. Мысалы, Омикроннан шыққан 5.1 штамы алғаш рет өткен айда Ұлыбританияда анықталды және қазір бүкіл ел бойынша таралуда. Мониторинг жүйесі жақсы жұмыс істейді, өйткені біз жаңа штамдарды анықтай алдық», – деді Үндістанның коронавирус аурулар геномикасы консорциумының мүшесі.

Үндістанның Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше соңғы 24 сағат ішінде елде коронавирус жұқтырғандардың саны 54-ке жеткен. Белсенді жағдайлардың саны 1574.