Павлодар облысында көпбалалы отбасының үйі өртеніп кетті

Өрт салдарынан екі жасар қыз қайтыс болды.


Павлодар облысында өрт салдарынан екі жасар қыз қайтыс болды. Тағы бір баланы күйік шалды.

Tengrinews.kz-тің хабарлауынша, оқиға 9 тамызда Павлодар облысының Береговое ауылында болған. Көпбалалы отбасының үйі өртеніп кетті. Өрт 80 шаршы метрді шарпыған.

    "Өрт кезінде 2019 жылы туған бала зардап шеігп, 1-2-дәрежелі термиялық күйік алды. 2021 жылы туған тағы бір сәби қайтыс болды",  деді Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.