Метеорологтардың мәліметінше, ұзақ аптаптан кейін облыстардың басым бөлігінде арктикалық ауаның салқындығы жүреді. Оңтүстік циклонның әсері елдің шығысында жалғасады.
"Республика бойынша, батыста жаңбыр, бұршақ жауып, найзағай ойнайды. Екпінді жел секундына 15-25 метрге дейін жетеді. Найзағай кезінде екпінді жел күшейеді. Республиканың батыс аймақтарында ыстық ауа райы сақталады", - делінген хабарламада.