Премьер-Министр Әлихан Смайылов Ақтөбе облысына жұмыс сапарымен барып, бірқатар индустриялық және әлеуметтік нысандарды аралайды.
«10 тамыз күні ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Ақтөбе облысына жұмыс сапарымен барады. Хромтау ауданында Үкімет басшысы «Бұхара-Орал» магистральдық газ құбырының жаңа желісін салу барысымен, «Ақтөбе-Қарабұтақ-Ұлғайсын» автожолының жағдайымен танысады», - делінген хабарламада.
Әлихан Смайылов шығармашыл жастармен кездесу өткізіп, облысты дамыту жоспарларымен таныспақ.