Отпен ойнаған бала тұрғындарын дүрліктірді

10 тамызда Алматы облысының Өтеген батыр ауылында көппәтерлі тұрғын үйдің дәретханасында қоқыс шелегі жанып, салдарынан пәтер мен подъезд қатты түтіндеді. Өртке себеп - бала отпен ойнаған.

"Өрт сөндірушілер есікті бұзып, пәтерге кіріп, құтқару қалпақшасының көмегімен балконда тұрған 2015 жылғы қызды эвакуациялады. Өртті сөндіруге және адамдарды эвакуациялауға 19 адам және 5 техника жұмылдырылды", - деп жазды ТЖМ баспасөз қызметінен.