"10 тамыз күні Шымкент қаласындағы гүл дүкеніндегі оқиғаға қатысты әлеуметтік желілерде тараған бейнежазбада құқық бұзушының қасында болған екінші тұлға – Еңбекші ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары Д.Елқонды. Осыған байланысты Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті тарапынан мән-жайды анықтау мақсатында 10 тамызда қызметтік тергеу тағайындалды», – делінген ресми хабарламада.
Ақпаратта айтылғандай, Д.Елқондының жауапкершілік мәселесі тәртіптік комиссия отырысында қаралады.