Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, мемлекетаралық іздеуде жүрген 37 жастағы Қырғызстан Республикасының азаматы ұсталды.
– 2008 жылдың қазан айында ер адам сенімге кіре отырып, ұялы телефондарды иемденгені анықталды. 2010 жылы Бішкектің Свердлов аудандық ішкі істер басқармасы қаскүнемге мемлекетаралық іздеу жариялаған, – делінген хабарламада.
Қазір ер адам Астана қаласы Полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оны Қырғызстанға экстрадициялау мәселесі шешіліп жатыр.