Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, 12 тамыз күні түнгі сағат 03.00 шамасында Қызылорда-Жалағаш тасжолында Жалағаш ауданы Ақсу ауылының тұсында Toyota автокөлігінің жүргізушісі басқару жүйесіне ие бола алмай, жол апаты болды.
"Жол апаты салдарынан 2 жолаушы көз жұмып, жүргізушімен қоса қалған бес адам түрлі жарақат алды.
ҚР ҚК-нің 345-бабы 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", – деп жазды ведомстводан.