Оның ойынша, қазіргі ер азаматтар өте ұсақталып кеткен.
«Сен керемет болсаң, қатыныңды ұрып, шешеңнің юбкасының астынан шыға алмасаң, сондай достарыңды танысаңдар да, олар ондайды айтпайды отырыстарда. Біз қыздар жиналған кезде не істейміз? Қатындар жиналып алып өсек айтасыңдар, отырыстарыңнан пайда жоқ деп жатады. Біз біріншіден өтірік мақтанамыз. Бәрін қатырады, менің төрем, мырзам деп отырамыз. Екінші кезең ене, қайынбикені жамандаудан жарысамыз. Үшінші кезеңде қиналып кететінімізді, күйеудің қанды ішетінін айта бастаймыз. Сол кезде біз бәріміз бір-бірімізге көмектесе бастаймыз. Біз әйелдердің отырысынан энергия алып, күшті мотивациямен кетеміз. Еркектер керісінше «әйел адам осындай» болу керек деп, оларға қатаң ереже жазумен болады», – деп сөзін аяқтады коуч.
Желі қолданушылары болса: "Иә, қазір қатындармен санасып, соның тірлігіне араласатын еркектер көбейіп кеткен, шынымен ұсақталып кетті", "Дұрыс айтасыз кезіндегі өз таңдауың болғаның кейін бәріне көз жұмуға тура келеді", "Енем тыныштық бермейді, құрбыларыма барып бар жағдайды айтып, ішім жеңілдеп қалады. Оның еш әбестігі жоқ деп ойлаймын", "Қайынжұрттың істегендерін құрбыларыңа айтпағанда кімге айтасың, бәрібір тыңдап қолдау көрсететін еркек болмағанда, ата-анаңа да айта алмайсың алаңдамасын деп", – деп ойларын ортаға салды.