Бұл жайында X әлеуметтік желісінің иесі Илон Маск өз парақшасында мәлімет таратты.
Оның айтуынша, аталмыш айқасты өзінің және Цукербергтің қоры ұйымдастырады.
Осылайша Маск мұның алдындағы «жекпе-жек UFC алаңында өтеді» деген ақпаратты жоққа шығарды.
Тікелей эфир X платформасында (бұрынғы Twitter желісінде-ред.) және Цукербергке тиесілі Meta-да көрсетіледі.
«Камераға түсетін бүкіл көрініс ежелгі Рим стилінде болады, демек заманауи ештеңе күтпеңдер. Мен Италияның премьер-министрімен және мәдениет министрімен сөйлестім. Олар шараны эпикалық орында өткізуге келісті»,-деп жазды Илон Маск парақшасында.
Миллиардердің сөзіне қарағанда, түскен қаражат түгел ардагерлерге аударылады.
Еске салайық, бұған дейін Илон Маск Марк Цукербергке қарсы жекпе-жекке қызу дайындық жүргізіп жатқанын хабарлаған еді.
Қос миллиардердің октагонда жұдырықтасу идеясы 20 маусымда туған.
Италия үкіметі айқасты Рим Колизейінде ұйымдастыру үшін Марк Цукербергпен байланысқа шыққан.
Жекпе-жек 26 тамызда өтуі мүмкін.
Фото: forbes.ru