Өзіндік қауіпсіздік департаменті бұрынғы учаскелік инспектор Мұхтар Бековтің Romantic гүл салоны мен Eldorado ресто-барының жұмысшыларына қатысты жасаған заңсыз әрекеттеріне байланысты бұқаралық ақпарат құралдарында таралған мәліметтерді тексерді.
Бековке қатысты Қылмыстық кодекстің 191-бабы 2-бөлігі ("Тонау") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
"Шымкент Полиция департаменті қызметкерлері іс-әрекеттерінің заңдылығын ҚР Қылмыстық кодексінің 371-бабы 1-бөлігі ("Салғырттық") бойынша басталған сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында өзіндік қауіпсіздік бөлімшесі тексереді. Ведомство екі қылмыстық іс бойынша жүргізіліп жатқан тергеудің объективтілігі мен жан-жақтылығын қамтамасыз етеді", – деп жазды Ішкі істер министрлігінен.