Алматыда ер адам қызғаныштан таныс әйелді пышақтап тастаған

Қылмыс Алматының Түрксіб ауданында болған. 47 жастағы ер адам қызғаныштан жанжалдасып, танысын пышақтап, оқиға орнынан қашып кеткен.

Бірнеше сағаттан кейін оны Түрксіб аудандық ПБ-ға қарасты полиция бөлімінің қызметкерлері ұстады. Күдікті ҚПК-нің 128-бабына сәйкес уақытша ұстау изоляторына қамалды", – делінген полиция таратқан хабарламада.

ҚК-нің 99-бабымен тіркелген қылмыстық іс бойынша ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпараттар тергеу мүддесіне орай жариялауға жатпайды.