Шығармашылық, спорт және ойын-сауық бағытындағы бұл іс-шарасына 10 мыңнан астам адам қатысты.
– Біздің басты мақсатымыз – қызықты шара ұйымдастырып қана қоймай, өңіріміздің туризмін дамытуға маңызды үлес қосу. Біз «Балқаш» атауының өзіндік брендке, қайталанбас табиғи сұлулық пен таңғажайып мәдени жаңалықтардың символына айналғанын қалаймыз. Біздің фестиваль – бұл Балқаш пен Алакөл бассейнінің экологиясының маңызды мәселелерін көтеру мүмкіндігі. Қонақтар ғана емес, жергілікті тұрғындар да қоршаған табиғатты мұқият қорғауды қажет ететін құнды ресурс ретінде қабылдауын қалыптастыруға тырысамыз, – дейді Балқаш қаласы әкімінің көмекшісі Жәнібек Сұлтаналиев.
Йога және зумба инструкторларының сабақтары фестивальдің маңызды бөлігі болды.
Барлық ниет білдірушілер 400 метрге жүзу, жағажай волейболы, армрестлинг және гір көтеру бойынша күштерін сынады.
Фестивальге облыс аумағындағы «Жасыл ел» жауынгерлері жиналды. Жас балалар жағажай аумағын тазалауға қатысты, сондай-ақ олар үшін арнайы байқау мен викторина, спорттық жарыстар ұйымдастырылды.
Мерекеге Қарағанды, Екібастұз, Астана қалаларынан келген вокалистер, музыкалық топтар мен хореографиялық ансамбльдер әннен шашу шашты.
Әдебиет БЕЛГІБАЙҰЛЫ,
Қарағанды облысы