Алматы облысында полицейлер банкоматты тонаған күдіктілерді ұстады, - деп хабарлады Polisia.kz.
14 тамыз сағат 13:42-де Қарасай ауданының полициясына 35 жастағы А. есімді азаматша хабарласқан.
Ол сағат 08:00 шамасында Алмалыбақ ауылында орналасқан банкоматтан кілтті таңдау арқылы белгісіз адамдар медициналық маскамен 12 млн 882 мың теңге көлемінде ақша ұрлағанын айтқан.
Аталған іс ҚР ҚК 188-бабы 4-бөлігі бойынша аудандық полицияда тіркеліп, А. есімді екі күдікті ұсталды. Олар 1998 және 1999 жылы туған Қаскелең қаласының тұрғындары болып шықты.
Тергеу барысында ұрланған ақша түріндегі заттай дәлелдеме алынып, іс материалдарына қоса тіркелді.
Қазір сараптама тағайындалып, қажетті тергеу амалдары жүріп жатыр. Күдіктілердің басқа да осындай қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.