Атырау қаласында 6 жастағы қыз бала 5-қабаттан құлап, аурухананың жансақтау бөліміне түсті. Бұл туралы Атырау облыстық Төтенше жағдайлар департаменті мәлімдеді.
«Кеше, 13 тамызда жергілікті уақытпен сағат 22:00 шамасында 6 жасар қыздың Атырау қаласының Вокзал маңы-3а шағынауданындағы тұрғын үйдің 5-қабатынан құлағаны туралы хабар түсті. Төтенше жағдайлар департаментінің 4 қызметкері оқиға орнына жедел жетіп, 6 жасар қыздың үйде қараусыз қалғанын анықтады. Зардап шеккен жасөспірімнің жағдайы ауыр. Қазір облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр», -деп хабарлады департаменттің қоғаммен байланыс тобынан.
Фото: Life09