Инженерлік желілер жөнделіп жатыр

Жалпы Батыс Қазақстан облысы бойынша биыл 1943 км инженерлік желіні жөндеу жоспарланған. Бүгінгі уақытта 1 мың км-ге жуық желі жөнделген.

Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында БҚО энергетика және ТҮКШБ басқарма басшысының орынбасары Қанат Өмірәлиев мәлімдеді. 

«Қыс шанаңды жаз сайла» де­мекші, облыстағы комму­нал­дық мекемелер қысқа дайын­дықты жаздай жүргізіп жа­тыр. Үзілген электр сым­дары жөнделіп, инженерлік же­лілер жаңартылуда. 

Өңірлік коммуникациялар қыз­меті алаңында өткен бри­финг­те БҚО энергетика және ТҮКШБ басқарма басшы­сы­ның орынбасары Қанат Өмі­рә­лиев аймақта жасалып жат­қан жұмыстар туралы баян­да­ды. 

– Қазіргі уақытта электр­мен жабдықтау бойынша 16 қо­салқы станса, 976 км электр же­лісі, 78 кешенді транс­фор­ма­торлық станса жөндеуден өт­ті. Ал жылумен жабдықтау бойын­ша 5,5 км жылу желілері жөн­делді. Сондай-ақ инвест бағ­дарламамен 3,1 км сумен жаб­дықтау және суды әкету же­лілері жөнделді, – деді бас­қар­ма басшысының орынба­сары Қанат Өмірәлиев. 

БҚО-да электр желілері 80 пайызға тозғаны туралы аз ай­­­тылып жүрген жоқ. Сол тоз­ған желілердің әбігерін халық қыс­та көреді. Әсіресе, алыс ауыл­дарда жарық өшуі жиі­лей­тін кездер болады. 

Былтырғы қыста Сырым, Шың­ғырлау, Теректі аудан­да­ры апталап жарықсыз отырған кез­дері есімізде. Биыл қыста осын­дай қателіктерді болдыр­мау үшін Үкімет қаулысымен Батыс Қазақстан облысының ке­шенді даму жоспары аясын­да электр желілерін жөндеу жә­не қайта құру жұмыстары үшін бюджеттен үш жылға деп 20 млрд теңге қаржы бөлініпті. 

– Бұл ақшаға 2019,5 ша­қы­рым электр желілері мен жаб­дық­­тарды қайта құру жоспар­ла­нуда. 12 жобалық-сметалық құ­жаттама жасақталып жатыр. Атап айтсақ, 2023 жылы – 6 млрд, 2024 жылы – 7 млрд, 2025 жылы – 7 млрд теңгеге электр желілеріне жөндеу жә­не қайта құру жұмыстары жүргізілетін болады. Биыл рес­­­­публикалық бюджеттен Ақжайық, Бәйтерек, Тасқала аудандары және Орал қала­сы­ның аумағында электр желі­ле­рін қайта құрылымдау жоба­сын іске асыруға 1,9 млрд тең­­ге бөлінді. Қазір мердігер ме­­кемелер анықталып, келі­сім­­шарттар жасалды, – деді Қанат Өмірәлиев. 

Аймақтағы сумен жаб­дық­тау және су бұру желілерін қай­та жаңғыртуға бюджеттен 2,8 млрд теңге бөлінсе, «Жа­йық­­Жылу­Қуат» акционерлік қо­ғам­ның негізі жабдықтары 80 пайызға жөнделген. 

Орал қаласының жылу элек­тр орталығын жаңғырту мақ­сатында градирняны қай­та құру жұмыстары аяқталған болатын. Аймақ басшысы өзі арнайы барып, құрылысымен танысқаны есімізде. Бүгінде ма­мандар осы градирняның ар­қасында Жайық өзінен алы­натын су көлемі азайғанын ай­­­­тады. Бұрын «Жайық­Жылу­Қуат» мекемесіне қажетті тех­ни­калық су Жайық өзенінен алы­нып келген еді. 

Жанат ҚАЙЫРҒОЖИНА, 

Батыс Қазақстан облысы