Гавай аралында із-түзсіз жоғалғандар саны 1300-ге жуықтады

Күн сайын 10-20 шақты өрт құрбаны анықталып жатыр.

Гавайидағы Мауи аралында орман өртінен қаза тапқандар саны 99-ға жетті, – деп хабарлайды ИнформБюро.

 

Тілсіз жау 12 мыңнан астам тұрғыны бар Лахайна қаласын толық шарпыған. Бұл жердің күлі көкке ұшты. Бәрі өртке оранды. Құрбандардың нақты санын, жеке басын анықтау әзірге мүмкін болмай тұр, – деді штат губернаторы Джош Грин.

Оның айтуынша, оқиға салдарынан қанша адам зардап шеккенін анықтауға 10 күндей уақыт кетеді.

Бүгінде құтқару қызметі қызыл жалынға оранған аумақтың 25 пайызын ғана бақылап үлгерген. Күн сайын 10-20 өрт құрбаны анықталып жатыр.