Әнші Мақпал Жүнісова марқұм күйеуі Заманбек Нұрқаділовтің естелік видеосымен бөлісті. Қоғам қайраткері қызы Мерейдің шілдеханасында ән айтып, қонақтарға тосынсый жасаған, – деп хабарлайды Massaget.kz.
Қазақстаның халық әртісі, әнші Мақпал Жүнісова өзінің Instagram парақшасына марқұм күйеуі Заманбек Нұрқаділов жайлы естелік видеосын жариялады. Кадрдан той дастарқанында отырған Мақпал Жүнісованың көзіне жас алғанын және қонақтар арасында ән айтып жүрген Заманбек Нұрқаділовті көруге болады.
"Мерейдің шілдеханасынан естелік. Зәкең ән айтып, тосынсый жасап, қонақтарды да, мені де таңғалдырып еді", – деп жазды ол.
"Қазақтың маңдайына сыймай кеткен асыл азамат еді", "Заманбек Нұрқаділовті еске алып, жылап отырмын", "Аруағы бір аунап түскен шығар", "Жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын", "Мерейдің баласын бесікке салып, тербетуді тілеймін, Мақпал ханым", "Сізді қатты сүйген екен", "Ағамыз аз ғұмырында шын махаббатын тапқан екен" деп жазды желідегілер.