Аружан Саин бастаған бірнеше азамат Ұлттық кеңес құрамынан шығарылды
Аружан Саин бастаған бірнеше азамат Ұлттық кеңес құрамынан шығарылды
176
оқылды
Ротация аясында Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің құрамынан Э.Әзімова, А.Саин, Б.Палымбетов, А.Шораев, Б.Бұқарбай, А.Әміртаев шығарылды. Ал ҰҚСК жаңа мүшелері: Бақытбек Смағұл, Марат Башимов, Шыңғыс Мұқан, Арман Қашқынбеков, Ләззат Қожахметова, Айнұр Сәбитова. Айта кетейік, аталған кеңес Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2019 жылғы 17 шілдедегі қаулысымен құрылған болатын. Бұл құжат аясында ҚР Президенті жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің құрамы бекітілді.