17 тамызда еліміздің бірнеше өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде, орталығында найзағай ойнайды.

Синоптиктер еліміздің бірнеше өңірінде дауылды ескерту жариялады.

Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде найзағай ойнайды. Оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 36 градус қатты ыстық болады. 17 тамызда облыстың шығысында, оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қауіпі бар.


17 тамызда түнде Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде, орталығында найзағай ойнайды. 17 тамызда облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі бар.

17 тамызда түнде және таңертең Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі. 17 тамызда облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі бар.

17 тамызда түнде және таңертең Маңғыстау облысының батысында тұман түседі. 17 тамызда облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

17 тамызда Атырау облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың батысында, шығысында 35 градус қатты ыстық болады. 17 тамызда облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі бар.

17-19 тамызда Жетісу облысының батысында жоғарғы өрт қаупі бар.

17-19 тамызда Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі бар

17 тамызда түнде Абай облысының шығысында, оңтүстігінде, күндіз облыстың солтүстігінде найзағай ойнайды. Түнде облыстың солтүстігінде, орталығында, шығысында тұман түседі. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында, оңтүстік-батысында екпіні 15-18 м/с.

17 тамызда түнде Шығыс Қазақстан облысының таулы аймақтарында жауын-шашын (жаңбыр, жылбысқы қар) жауады. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай ойнайды. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-18 м/с.

17 тамызда Қостанай облысының оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі бар.

17-18 тамызда түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында тұман түседі. 17-18 тамызда облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қаупі бар.

17 тамызда Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі.