17 тамызға арналған валюта бағамы

Доллар бағасы күрт қымбаттады.

Ұлттық банктің 17 тамыздағы ресми бағамы бойынша 1 доллар – 454,30 теңге, ал рубль – 4,70 теңге.

Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 457-463 теңге аралығында сатылып жатыр.

Kurs.kz мәліметінше, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллардың құны – 457-462 теңге, ал Ресей рублі – 4,75-4,9 теңге.

KASE-де 16 тамызда кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа құны 5,81 теңгеге қымбаттап, 455,29 теңгені болды.

 

Фото: kapital.kz