«Қазақстан» шахтасындағы өрттен зардап шеккен шахтерлердің жағдайы белгілі болды.
Соңғы шыққан мәліметке сәйкес, ауруханада жатқан екі шахтер жансақтау бөлімінен токсикология бөліміне ауыстырылған.
«17 тамызда «Профессор Х.Ж. Мақажанов атындағы көпбейінді ауруханасына» 9 шахтер жеткізілді. Олардың екеуі реанимациядан токсикология бөліміне ауыстырылды. Жағдайлары ауырлау. Пациенттердің есі орнында. Ауырлығы жедел интоксикация синдромы мен энцефалопатияға, гемодинамиканың тұрақсыздығына, уланудың токсикогендік кезеңіне байланысты. Гемодинамикалық көрсеткіштер тұрақты», – делінген хабарламада.
Қалған 7 адам токсикология бөлімінде. Олардың жағдайы – орташа ауыр. Ауырлығы жедел интоксикация синдромы мен энцефалопатияға байланысты. Гемодинамикалық көрсеткіштер тұрақты.
Шахтинск қаласының орталық ауруханасының терапевтік бөлімшесіне зардап шеккен төрт адам келіп түсті, олардың біреуі ауруханаға жатқызудан бас тартты (амбулаториялық емдеуге жіберілді). Қалғандарының жағдайы орташа ауыр деп бағаланып отыр.
Фото: sputnik.kg