Антикоррупциялық қызмет Қазақстан Сот әкімшілігінің қауіпсіздік бөлімімен бірлесіп жүргізген жасырын іс-шаралардың нәтижесінде Тараз қаласының №2 сотының судьясы 2 млн теңге сомасында пара алғанын анықтады.
Антикордың хабарлауынша, судья сотталушыдан іс жүргізуде қылмыстық іс бойынша бас бостандығынан айыруға байланысты емес жаза тағайындағаны үшін ақшалай қаражат алды деген күдікке ілінген.
Қылмыстық-процестік кодекстің 550-бабының тәртібімен Қазақстан Республикасының Бас прокуроры сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жалғастыруға келісім берді.
«Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды. Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі», – делінген хабарламада.
Фото: Holanews