Jas Otan жемқор жеті ЖОО-ны анықтады
 Jas Otan жемқор жеті ЖОО-ны анықтады
© Айтжан Мұрзанов
199
оқылды
Бүгін Jas Otan БАҚ өкілдеріне брифинг өткізді. Брифинг барысында студенттердің жатақханаларда тұру жағдайына мониторинг жүргізу қорытындысы, сондай-ақ студенттер арасында жеке ЖОО-да сыбайлас жемқорлыққа қатысты «Таза сессия» атты жасырын сауалнаманың екінші кезеңінің нәтижелері жарияланды. Сонымен,  Jas Otan жастар қанаты жемқор жеті ЖОО-ны анықтады. [caption id="attachment_25441" align="alignnone" width="1024"] width= © Айтжан Мұрзанов[/caption] Олар мыналар: ⠀ -Нұр-Сұлтан қаласындағы медициналық университет ⠀ -Түркістан облысы Жетісай қаласындағы  «Сырдария» университеті -Алматы қаласындағы Туризм және спорт академиясы ⠀ -Шымкент қаласындағы аймақтық әлеуметтік-инновациялық университет -Алматы қаласындағы Орталық Азия университеті ⠀ -«Алматы» университеті ⠀ - С. Бәйішев атындағы Ақтөбе университеті [caption id="attachment_25442" align="alignnone" width="1024"] width= © Айтжан Мұрзанов[/caption] «Жасырын сауалнаманы «Jas Otan» ЖҚ хатшылығы және өңірлік филиалдарының қызметкерлері респонденттің таңдауы бойынша қазақ немесе орыс тілдерінде ЖОО аудиторияларында жүргізді. Сауалнама қатысушыларының орташа жасы 19 жасты құрады. Респонденттердің 95,2% -ы бакалавриатта, 2,4% - ы магистратурада, 0,2% - ы докторантурада және 2% - ы интернатурада оқиды», - дейді Jas Otan жастар қанатының төрағасы Елнұр Бейсенбаев.