Жасампаз идеяларға қолдау көп

2021 жылы Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерейтойы қарсаңында Мем­ле­кет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жастардың жа­сампаз жобаларын жүзеге асыруға бағытталған «Тәуелсіздік ұрпақтары» ар­найы гранты тағайындалған болатын.

Бұл грант бұған дейін тек рес­пуб­ли­калық деңгейде беріліп келген. Енді биылдан бас­тап осы грантты БҚО-да­ғы жастар да ұтып ала алады. 

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте БҚО Қо­ғамдық даму басқармасының басшы­сы­ның орынбасары Қалаубек Теміров мә­лім етті. 

Жобаны Батыс Қазақстан облы­сы­ның қоғамдық даму басқармасының қол­дауымен «Ғасыр» жастар қоғамдық бір­лестігі жүзеге асырады. Жобаға жасы 14 пен 35 жас аралығындағы кез-келген жас қатыса алады. Грант негізінен бес б­а­ғыт бойынша беріледі. 

– Грантқа өтініштерді 10 тамыз бен 10 қыркүйек аралығында қабылдаймыз. Кез келген жас өз жобасын дайындау ке­зін­де жастармен жұмыс жөніндегі ре­сурс­тық орталықтан кеңес ала алады. Грант төмендегі бағыттар бойынша бері­ле­ді. Атап айтсақ, мәдениет, ғылым, биз­нес, медиа және IT, яғни ақпараттық тех­нологиялар, – деді брифингте Қо­ғам­дық даму басқармасының басшысының орынбасары Қалаубек Теміров.

«Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын бе­ру бойынша арнайы конкурстық ко­мис­сия құрылатын болады. Кон­курс­тық ко­миссияның құрамына облыстық әкім­діктің басқармалары мен азаматтық қо­ғам­ның өкілдері, ғалымдар және грант ба­ғыттары бойынша мамандар мен са­рап­шылар енгізіледі. Үміткерлердің  өті­німдері мемлекеттік және орыс тіл­де­рінде электронды нұсқада қабылданады. 

Конкурстық комиссияның қоры­тын­дысына сәйкес 10 жоба жеңімпаз ата­нып, 500 мың теңге көлеміндегі сыйа­қыға ие болады.

Бұл жобаның мақсаты – талантты, ұш­қыр ойлы жастарды қолдау, жас­тар­дың жасампаз идеяларының жүзеге асуы­на жағдай жасау. Бұған дейін тек республикалық деңгейде ұйымдастырыл­ған жоба биылдан бастап барлық өңір­лерде өткелі отыр.

Жанат ҚАЙЫРҒОЖИНА,

Батыс Қазақстан облысы