Приозерск тасжолында көлік апатынан 9 адам қаза тапты

Балқашта жол апатынан 9 адам қаза тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

19 тамыз күні сағат 06.00 шамасында Балқаш – Приозерск тасжолында, Гүлшат кентінен 5 шақырым жерде Toyota Camry 70 пен Honda Odyssey көліктері соқтығысып, жол-көлік оқиғасы тіркелді.

«Салдарынан 9 адам оқиға орнында қайтыс болды. Бір жолаушы ауруханаға жеткізілді»,  деп хабарлады Балқаш қалалық полиция бөлімінің бастығы Айткен Кадрин.

Аталған дерек бойынша, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып, тиісті сараптамалар тағайындалды.