Бұл Ресейден Қазақстанға көшіп келген «қанішерлердің сектасы» деп айта аламыз. Олар «жаңа неміс медицинасын» насихаттайды, ол үшін ЕО елдерінде олар нақты түрме жазасын береді. Раевский өзінің қасиетті дәрігер екенін және кез келген кезеңде қатерлі ісік ауруын емдей алатынын насихаттап келеді. 12 маусымда Ресейде лейкоздан 12 жасар бала қайтыс болды. Дәрігерлер 80% сауығу нәтижесінде сүйек кемігін ауыстыруды талап етті, бірақ Раевский мен оның серіктестері адастырған анасы келісімін бермей, уақыт жоғалтты. Бұл оның есебіндегі жалғыз өлім емес. Қазір бұл адам Telegram-да белсенді түрде тікелей трансляция жасап, адамдарды өзінің «клиникасына» шақырып, қатерлі ісікке шалдыққан науқастарды, тіпті метастаздары бар болса да, оларды 2 ай ішінде емдей алатынына сендіріп келеді», – делінген хат мәтінінде.
Хат авторының мәліметінше, жалған дәрігердің қызметтерінің бағасы кем дегенде $35 000 құрайды. Үміттері үзілген адамдар оған ақшамен топ-тобымен келіп те жатыр.
Оның Қазақстандағы әрекеті туралы қайда жүгінерімді білмеймін. Мүмкін, сіз бұл ұйымның Қазақстан аумағында жұмыс істеуіне рұқсат бермейтін кейбір қоғамдық ұйымдарды білесіз бе, әлде өлім конвейерін тоқтатуға көмектесе аласыз ба?,– деп жазады хат иесі.
Белгілі болғандай, аталған азаматтан жәбір көргендер Глеб Александров туралы ақпарат жинастыра бастаған. 2023 жылы Ресей Федерациясының Тергеу комитеті оның емханаларында тексеру жұмыстарын бастаған соң Қазақстанға қашқан.
«Қазір ол ауыр дертке шалдыққан қазақстандықтардан ғана емес, басқа ТМД елдерінің тұрғындарынан да пайда көріп отыр», – деп жазады басылымы.
Жәбір көргендер қазір www.anti-raevskyalexandrov деген тақырыппен сайтта шағымдарын жариялаған.
Күні кеше ғана қазақстандық сот Дмитрий Раевскийдің емханасының лицензиясын тоқтата тұру туралы шешім шығарғаны белгілі болды. Денсаулық сақтау министрлігінің инспекторлары филиалдардың бірі лицензиясыз жұмыс істегенін, тіркелмеген дәрі-дәрмек сатумен айналысқанын анықтаған. Белгілі болғандай «Емшінің» онкологиялық науқастарға кеңес беруге, емдеуге мүлде құқы жоқ болып шыққан.