"Сіз өте әдемісіз, тұрмысқа шығу ойыңызда жоқ па?" – деген оқырманның сұрағына әнші: "Шықпақшымын. Әуелі жолықсын жақсы адамым, сосын сәукелемді киіп ұзатыламын, бұйыртса", – деп жазды Мөлдір Әуелбекова.
Естеріңізге сала кетейік, 2015 жылы әнші алғаш рет Арыстан есімді азаматқа тұрмысқа шығып, бір жарым жылдан кейін ажырасып кеткен болатын. 2020 жылы екінші рет тұрмысқа шығып, Әуелбекованың ол некесі де ұзаққа созылмады.