Табиғат апаттары және төтенше жағдайлармен күрес басқармасының (AFAD) дерегінше, ошағы Кахраманмараш провинциясының Гексун ауданында орналасқан күші 4,2 балдық жер сілкінісі тіркелді.
Зілзала 22,17 шақырым тереңде болған.
Биыл 6 ақпанда Түркияның оңтүстік-шығысында магнитудасы 7 балдан асатын екі зілзала (жергілікті уақытпен сағат 04.17-де 7,7 балл және сағат 13.24-те 7,6 балл) болғанын еске сала кетейік.
Жойқын жер сілкінісі салдарынан қаза тапқандар саны 50 мың адамнан асты. Зілзала көршілес елдер – Сирия, Ливан, Солтүстік Кипр, грекиялық Кипр мен Иранда сезілді.