Петропавлда көпқабатты үйде шыққан өрт кезінде 95 жастағы қария құтқарылды

Солтүстік Қазақстан өрт сөндірушілері 24 адамды эвакуациялап, құтқарды.

20 тамызда сағат 06.46-да 101 телефонына Петропавл қаласында бес қабатты тұрғын үйдің екінші қабатынан түтін шыққаны туралы хабарлама түсті.

Сағат 06.53-те құтқарушылар жетіп, пәтердің балконынан қатты түтін шыққанын анықтады.

Өрт сөндірушілер 1928 жылғы ер адам өрт орнынан құтқарылды, сондай-ақ баспалдақпен 23 адам эвакуацияланды.