Мемлекет басшысы Вьетнамға ресми сапармен барды

Сапар аясында жоғары деңгейде келіссөздер жүргізіледі және Вьетнамның іскер топтары өкілдерімен бірқатар кездесу өткізіледі деп жоспарланып отыр.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Вьетнам Социалистік Республикасына ресми сапармен келді, - деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

 

Мемлекет басшысын Ханойдың «Ной Бай» әуежайында Вьетнам Президенті кеңсесінің жетекшісі Ле Кхань Хай және басқа да жоғары лауазымды тұлғалар қарсы алды.

Сапар аясында жоғары деңгейде келіссөздер жүргізіледі және Вьетнамның іскер топтары өкілдерімен бірқатар кездесу өткізіледі деп жоспарланып отыр.