Ресейдің «Луна-25» ғарыш кемесі Айда апатқа ұшырады

Станцияның жоғалу себебін анықтау мәселелерімен арнайы құрылған ведомствоаралық комиссия айналысады.

Ресейдің "Луна-25" aвтоматты станциясымен байланыс үзілді, – деп хабарлады Роскосмос.
 
"Алдын ала талдау нәтижесі бойынша нақты импульс параметрлерінің есептелгеннен ауытқуына байланысты "Луна-25" ғарыш кемесі жоспардан тыс орбитаға ауысып, Ай бетімен соқтығысуы салдарынан жұмысын тоқтатты", – деп жазылған хабарламада.
 
Ұшу бағдарламасына сәйкес, 19 тамызда станцияға қону алдында эллиптикалық орбитаға өту үшін импульс берілген. Мәскеу уақытымен сағат 14:57 шамасында автоматты станциямен байланыс үзілді.
 
"Луна-25" іздеу және онымен байланысқа түсу жөніндегі іс-шаралар нәтиже бермеді.
 
Станцияның жоғалу себебін анықтау мәселелерімен арнайы құрылған ведомствоаралық комиссия айналысады.
 
Фото: РИА Новости