Құрмет қарауылының бастығы екі ел басшыларына рапорт берді.
Қазақстан мен Вьетнамның мемлекеттік әнұрандары шырқалғаннан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Во Ван Тхыонг бір-біріне ресми делегациялардың құрамын таныстырды.
Содан кейін президенттер келіссөз залына өтті.
Бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Хо Ши Мин мавзолейіне гүл шоғын қойды. Президент осы елдің ұлттық көшбасшысы Хо Ши Миннің рухына тағзым еткенін хабарлаған болатынбыз.