Қала әкімдігінің 2023 жылғы 10 тамыздағы «Жолаушыларды тұрақты әлеуметтік маңызы бар тасымалдау тарифтерін белгілеу туралы» қаулысы күшіне енді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Бүгіннен бастап Алматыда жолақысы мына мөлшерде белгіленді:
- ұялы байланыс операторының қызметтері немесе көлік картасы немесе жол жүруге арналған мобильді қосымша арқылы қолма-қол ақшасыз төлем жасау үшін – 100 теңге;
- жол жүру ақысын қолма-қол төлеу кезінде – 200 теңге.
Әкімдік жолақының қымбаттауына жолаушылар тасымалының шығыны көбейгені, жанар-жағармай құнының өскені түрткі болғанын айтты.