Шекараға жақын маңда жерасты арқылы жүргізілген екі пластикалық шлангі табылды
Шекараға жақын маңда жерасты арқылы жүргізілген екі пластикалық шлангі табылды
© inbusiness.kz
275
оқылды
Жамбыл облысында шекараға жақын маңда жерасты арқылы жүргізілген екі пластикалық шлангі табылған, - деп хабарлады ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі. Шлангінің бірінен бензин исі бар сұйықтық табылыпты. Алдын ала болжам бойынша, анықталған жайт шекара арқылы заңсыз отын тасымалдауға арналған, жасырын жерасты магистралі болуы ықтимал. Аталған факті бойынша тиісті органдарға ақпарат беріліп, қазіргі уақытта тексеру іс-шаралары жүргізіліп жатыр.